«Табысты менеджер -2017» облыстық байқау

on .

  Шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау,  мадақтау  және  Қазақстан Республикасындағы  білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау  мақсатында 2017  жылдың  16-17  қараша күндері аралығында Орал қаласы А.Молдағұлова  атындағы №38 мектеп – лицей базасында  жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептер басшыларының республикалық «Табысты менеджер – 2017»  байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

         Байқаудың мақсаты:.

Байқауға аудандардан (қаладан) 17 білім жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептердің басшылары  қатысты.

Байқау 5 турдан тұрды.

-         «Заманауи басшы: табыс формуласы»  эссе жазу;

-         «Басқарудағы менің жетістіктерім» -  www.youtube.com.  бетінде жарияланған бейнебаяны;

-         «Мен табысты басшымын» - интербелсенді  таныстырылым;

-          «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» - жоба қорғау;

-         Шығармашылық көрме қорғау.

 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

жалпы білім беру ұйымдары арасында:

І орын –  Орал қаласы №44 мектеп-гимназиясының директоры Темірханова Ақжарқын Мүтиғоллақызы;                                       

ІІ орын – Орал қаласы №16 ЖОББМ директоры Кабакова Мария Урангалиевна;

 ІІІ орын – Казталов ауданы, К.Мендалиев ат.ЖОББМ директоры Утегулова Салтанат Каримқызы;

номинация «Мектептің табысты менеджері» Тасқала ауданы С.Жақсығұлов ат.ЖОББМ директоры Касимова  Айгүл  Қадырбайқызы.

шағын жинақты мектептер арасынан:                                         

І орын –  Теректі ауданы Восход ЖОББМ директоры Тлеков Мереке Жолдыбаевич;                                      

ІІ орын – Зеленов ауданы Камен ЖОББМ директоры Стародубец Валентина Владимировна;

ІІІ орын – Сырым ауданы Көздіғара НЖББМ директоры Еркетлеуова Гүлмира Жолайқызы.

номинация «Мектептің табысты менеджері» Казталов  ауданы Сатыбалды НЖББМ директоры Ғатауов Қайржан  Орынгалиевич.

Жүлдегерлер грамоталар,сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.