Облыстык эксперимент алаңы "Педагогикалық сынып" туралы

on .

2017 жылдың 14 қараша күні Батыс Қазақстан облысы білім басқамасының ұйымдастыруымен  облыстық эксперимент алаңы «Педагогикалық сынып» педагогтері мен оқушыларына арналған «Педагогикалық сынып: бүгіні мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: облыстық эксперимент алаңдары «Педагогикалық сынып» оқушыларын БҚО бойынша педагогикалық оқу орындарымен таныстыру, педагогикалық мамандықты насихаттау, «Педагогикалық сыныптың» жай –күйін талқылау.

«Педагогикалық сынып» педагогтері мен оқушыларына  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті мен Ж.Досмұхамедұлы атындағы педагогикалық колледжіне экскурсия ұйымдастырылды.

«Педагогикалық сынып» оқушылары  Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің әлеуметтік жобаларымен танысты.

Дөңгелек үстел жұмысына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті мен Ж.Досмұхамедұлы атындағы педагогикалық колледжінің өкілдері, «Педагогикалық сынып» эксперимент алаңының ғылыми жетекшісі, педагогтер қатысты.

image1
image2