Облыстық «45 минут: 7 модуль» байқауы туралы

on .

 

       Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес  2017 жылдың 22 қарашасы күні Теректі ауданы Подстепный қазақ ЖОББМ-нің базасында облысымыздың деңгейлік бағдарлама бойынша  курстан (І, ІІ, ІІІ) өткен, сертификатталған биология пәні мұғалімдері арасында облыстық «45 минут: 7 модуль» байқауы өткізілді.

  Байқаудың мақсаты: сертификатталған биология пәні мұғалімдерінің инновациялық қызметін жандандыру, іс-тәжірибелерін анықтау, тарату.

Байқауға биология пәнінің 14 мұғалімі қатысты.

Байқауға қатысушы мұғалімдердің сабақтары, жұмыстары (орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, эссе) қаралып, қорытындысы шығарылды.

Бас жүлде –  Теректі аудандық Лингвистикалық гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Абдрахманова Алиса Оспанқызы;

І орын –   Сырым ауданы  ЖББ Абай ат. ОМБК-нің биология 

                  пәнінің   мұғалімі Жауарбекова Гулзира Орынғалиқызы;                                          

ІІ орын –  Қаратөбе ауданы  Қаратөбе МГ-ның биология пәнінің мұғалімі 

                  Өтемісова Арайгүл Өтемісқызы;

ІІ орын –  Зеленов ауданы Мичурин ЖОББМБК-нің биология пәнінің

                  мұғалімі Лапко Наталья Геннадиевна;                                          

ІІІ орын – Ақжайық ауданы  Абай ат. МГ-ның биология пәнінің

                  мұғалімі Абишев Максим Маратұлы;

ІІІ орын – Тасқала ауданы Мереке ЖОББМ-нің биология пәнінің мұғалімі 

                  Бекетаев Тыныштық Төлегенұлы иеленді.

image2
image1