Облыстық әдістемелік кеңесін өткізу туралы

on .

БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес,  2017 жылғы 30 қараша күні облыстық әдістемелік кеңесінің он-лайн отырысы өтті.

Отырыс жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер талқыланды:

  • Жаңартылған білім беру жағдайында білім беру салаларын біріктіру білім берудің сапасын арттыру факторы туралы (А.Ә.Мыңбаев –                                                             ДБАМ №11 С.Сейфуллин атындағы ОМИК-і директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, Т.А.Ахметуллаева – №8 ДБАМОМ-і директорының әдістемелік  жұмыстар жөніндегі орынбасары);
  • Мектеп жанындағы интернаттың тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы (Н.Б.Тлепова – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білім беруді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің әдіскері);
  • Дуальды оқыту аясында микрозерттеу жұмысының нәтижесі (А.Б.Батырғалиева –  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөлімінің әдіскері);
  • Жетекші мектептерде орта білім берудің мазмұнын жаңартудағы енгізу жұмыстары туралы (С.А.Мұратов – Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің ӘК меңгерушісі, А.Е.Рамазанова – Орал қаласы білім беру бөлімінің ӘК меңгерушісі);
  • Шағын жинақты мектептің әдістемелік қызметін сүйемелдеу (С.К.Алимбаева –  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру және ШЖМ бөлімінің басшысы).

Қойылған сұрақтардың талқылау қорытындысы бойынша облыстық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынды:

1. Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, мектеп басшыларына:

1. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық педагогикалық идеяларды белсенді пайдалану, білім беру модельдері мен технологияларын қамтамасыз ету үшін білім беру салаларын біріктіру.

2. Сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға, біртұтас білім беру кеңістігін құруға білім беру салаларының спектрін кеңейту.

2. Аудандық білім беру бөлімдері мен облыстық мектептер басшыларына:

1. Мектеп жанындағы интернаттарда тәрбие процесінің құрылымын жетілдіру (үйірме жұмыстарын, НЗМ іс-тәжірибесінің әлеуметтік жобаларын енгізу).

            2. Интернат тәрбиешілерінің іс-тәжірибелерін тарату жұмыстарын қолға алу.

3. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, колледж басшыларына:

1. Дуальді оқытуды ұйымдастыру бойынша кәсіпорындарды тарту жұмыстарын жандандыру.

2. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөліміне, ТжКББ ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарларына (әдіскерлерге):

1. Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіру.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөліміне:

  1. Дуальді оқыту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, "дөңгелек

үстелдерді ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын жалғастыру.

4. Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілеріне:

1. Магниттік мектептердегі педагогтердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтау үшін мониторингтік жинақ жүргізу; педагогтердің кәсіби қызметтерінің сапасын бақылауға алу.

2. Жетекші мектептер мен магниттік мектептердің өзара іс-қимылын жүзеге асыруды үйлестіру.

Жетекші мектептер мен магниттік мектептер директорларына:

1. Білім беру процесіне жаңа тәсілдерді енгізу жағдайында оқушылар мен педагогтердің шығармашылық және интеллектуалды дамуына, кәсіби өсуіне жағдай жасау.

2. Магниттік мектеп мұғалімдерінің кәсіби қиындықтарын шешу үшін уақытылы және мақсатты көмек көрсету.

5. Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілеріне:

            1. Семинарлар, шебер-сыныптар, байқауларға т.б. қатыстыру арқылы педагогтердің кәсіби жетілуіне ықпал жасау, іс-тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бағдарламаларын тарату және жинақтар шығаруға көмек көрсету.