«Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлық және оның алдын алу» онлайн-семинары туралы

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 21 қарашасында балалар мен жасөспірімдер арасындағы асоциалдық мінез- құлықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің бойында позитивті өмірлік ұстанымды қалыптастыру, білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер мен сынып жетекшілерге әдістемелік кеңес беру мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез- құлық және оның алдын алу» тақырыбындағы онлайн семинары өткізілді.

Семинар отырысына БҚО психикалық денсаулық орталығының балалар суицидологі, БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі ЮПД бөлімшесінің өкілдері және аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы мен әлеуметтік-психологиялық қызметі бойынша әдіскерлері, білім беру ұйымы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтері және сынып жетекшілері қатынасты.

Семинар барысында суицид превенциясы, суицидтің алдын алу,  жасөспірімдердің бойында позитивті өмірлік ұстанымын қалыптастыру бойынша білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы мен құқық қорғау органдарының өкілдері кеңес берді. Орал қаласының №45 ЖОББМ-нің педагог-психологі Ж.Тулеуова, Теректі ауданы Шаған ЖОББМ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ю.Шыныбекова және Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №1 мектеп-балабақша кешенінің сынып жетекшісі А.Ғиниятова мектептерінде жүргізіліп жатқан психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру жолдары, суицидтік мінез-құлықтың психофизиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері бойыншаіс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында ұсынбалар қабылданды.

20171121110828
20171121110841