«Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі»

on .

       Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының инженер-педагог ұжымымен студенттердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,  қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге де ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттау, колледж жетістіктерін паш ету, озық іс-тәжірибелерін тарату, өскелең жас ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында  2017 жылдың  8 қараша – 4 желтоқсан аралығында кестеге сай «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі» атты облыстық фестиваль    оздырылды. Фестивалге 34 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 4000 астам білім алушылар қатысты. 2017 жылғы 13 желтоқсан күні қазақ драма театрында   техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы қорытынды фестиваль өткізілді. Фестивалға БҚО әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұлов, БҚО мәслихаты депутаты, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, еңбек ардагерлері, Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы, құрылтайшылар, кәсіпкерлер палатасы, колледж басшылары, студенттер қатысты.

Қазақ драма театрының фойесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  көрме әзірленді. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі»  фестивалінің қорытындысы  бойынша колледждерге диплом мен сыйлақтар табыс етіледі және «Туған жерім - түп қазынам байлығым!» атты   қорытынды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі»  атты  фестивалдің қорытындысы бойынша:

 «Мұражай–тарих айнасы» номинациясында  Орал ақпараттық технологиялар колледжі;

«Үздік ән» номинациясында  Зеленов колледжі;

«Үздік би» номинациясында Орал газ, мұнай және салалық  технологиялар колледжі;

«Үздік қойылым» номинациясында Бөкей ордасы колледжі;

«Үздік көркем сөз» номинациясында Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі;

«Үздік хор» номинациясында Орал «Сервис» технологиялар колледжі;

«Үздік аспапта орындаушылық өнер» номинациясында Батыс Қазақстан жоғары медициналық  колледжі;

«Үздік вокалды - аспаптық ансамблі» номинациясында Ақжайық аграрлық техникалық колледжі марапатталды.

DSC0158
DSC0173
DSC0217
DSC0203
DSC0269
DSC0284