«Табысты менеджер -2017» облыстық байқау

on .

  Шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау,  мадақтау  және  Қазақстан Республикасындағы  білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау  мақсатында 2017  жылдың  16-17  қараша күндері аралығында Орал қаласы А.Молдағұлова  атындағы №38 мектеп – лицей базасында  жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептер басшыларының республикалық «Табысты менеджер – 2017»  байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

«Шағын жинақты мектептерде жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік тұрғыдан қолдаудың жаңа амалдары» тақырыбы бойынша облыстық семинар

on .

            Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 13 қараша күні Зеленов  ауданы Макаров жалпы орта білім беретін мектебінде «Шағын жинақты мектептерде жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік тұрғыдан қолдаудың жаңа амалдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1,2 сынып мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинары

on .

2017 жылдың 3 қарашасы күні Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 және Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектептері базасында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1, 2 сынып мұғалімдеріне арналған «Рухани жаңғыру-білім сапасының кепілі» тақырыбында бірыңғай оқыту семинарлары оздырылды.

«Үздік әлеуметтік серіктестік»

on .

2017 жылғы  17 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Білім басқармасымен бірлесіп техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  арасында «Үздік әлеуметтік серіктестік» облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Облыстық «Ең үздік алғашқы әскери дайындық кабинеті-2017» сырттай байқауы

on .

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу-материалдық базаны нығайту және қазіргі заман талабына сай жасақталған үздік алғашқы әскери дайындық кабинетін анықтау мақсатында  ағымдағы жылдың 27 қазан күні облыстық «Ең үздік алғашқы әскери дайындық кабинеті-2017» байқауы оздырылды.

«Пушкин оқулары - 2017» орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық шығармашылық байқауы туралы

on .

2017 жылдың 27 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы базасында «Пушкин оқулары - 2017» орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық шығармашылық байқауы оздырылды.

«Жыл мектеп кітапханашысы -2017» облыстық байқауы туралы ақпарат

on .

2017 жылдың 25 қазаны күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты базасындаақпараттық технологияны терең меңгерген, интеллектуалдығы жоғары үздік кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында облыстық  мектепкітапханашылары арасында «Жыл мектеп кітапханашысы-2017» байқауы оздырылды.  Байқауға мектеп кітапханашыларының арасынан үздік кәсіби маман деп танылған 14 кітапханашы қатысты.