«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0 - БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»педагогикалық қызметкерлердіңтамыз конференциясы аясындағы «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ:ҰСТАНЫМ, РЕФЛЕКСИЯ, ИННОВАЦИЯ»тақырыбындағы ОБЛЫСТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

on .

          2017 жылдың 8 тамыз күні Зеленов ауданы Мичурин жалпы орта білім беретін мектебі базасында педагогтердің жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізуіне, жұмыс тәжірибелерімен өзара бөлісуіне қолдау көрсету, әдістемелік жұмыстарды жандандыру, эксперттеу, анықтау және тираждауға ықпал ету мақсатында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагогикалық колледж оқытушылары, шағын жинақталған мектептерге жетекшілік ететін мамандар, ресурстық орталықтың директорлары,

«Қосымша білім беру - жаңа бағыт, ізденіс, нәтиже» тақырыбында облыстық ашық есік күні

on .

          Ағымдағы жылдың 12 мамырында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Теректі ауданының қосымша білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Қосымша білім беру – жаңа бағыт, ізденіс, нәтиже» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.

«Мамандық әлемі» атты облыстық онлайн режиміндегі дөңгелек үстел

on .

2017 жылдың 4 мамыр күні БҚО білім басқармасы және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 4 сәуір мен 4 мамыр аралығында өткен мектеп түлектері арасындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіру бойынша «Мамандық әлемі» атты айлығын қорытындылау мақсатында облыс бойынша білім беру ұйымдары басшыларына, кәсіптік бағдар беру бойынша жауапты мамандарына облыстық онлайн режиміндегі дөңгелек үстелұйымдастырылды.

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың әдістемесі» атты облыстық онлайн режиміндегі вебинар

on .

2017 жылдың 5 мамыр күні БҚО білім басқармасы және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың әдістемесі» атты онлайн режимінде вебинар ұйымдастырылды.