Батыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9, 11 сынып оқушыларына арналған кәсіби сынамаларды өткізу апталығы туралы

on .

2019 жылғы 11-15 ақпан күндері аралығында «Сенің таңдауың – сенің болашағын» жобасы аясында бірлесіп  Облыстық білім басқармасымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептерінің 9,11сынып оқушыларына арналған кәсіби сынамаларды жүргізу апталығы өтті.

Облыстық «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің ІІ-ші шақырылымы

on .

2019 жылдың 24-25 қаңтар күндері Орал қаласы №50 ЖББОМ  базасында озат тәжірибе алмасу бағытындағы облыстық  «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің ІІ-ші шақырылымы оздырылды.

Облыстық семинар: «Interactive methods of teaching 9th,10th grades by MM Publications»

on .

2019 жылдың16 қаңтар күні Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі базасында «MM PUBLICATIONS» баспасының ұйымдастыруымен жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Interactive methods of teaching 9th,10th grades by MM Publications»тақырыбында әдістемелік семинар жұмысы оздырылды. Семинарға аудандық (қалалық) әдіскерлері мен 100 ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысып, сертификаттар табыс етілді. 

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинары

on .

2019 жылдың 8 қаңтар күні Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 және Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектептері базасында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында бірыңғай оқыту семинарлары оздырылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «College startup» облыстық бизнес жоба байқауы туралы

on .

2019 жылғы 24 қаңтарында Оқушылар  және жастар сарайының «Бастау»  коворкинг орталығының базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді кәсіпкерлік ортаға бейімдеп, шығармашылық  әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы  «College startup» облыстық бизнес жоба байқауы оздырылды.

Облыстық әдістемелік десант: «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1,2,3,5,6,7,8 сыныптардағы пәндердің берілуі жағдайы»

on .

2019 жылдың 15-16 қаңтар аралығында Жаңақала ауданына облыстық-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1,2,3,5,6,7,8 сыныптардағы пәндердің берілуі жағдайы» тақырыбында әдістемелік десант өз жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында  әдіскерлер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдердің сұрақтарына  жауап беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен студенттері арасындағы «Кітап оқитын колледж» облыстық байқауы туралы

on .

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 21 желтоқсанында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен студенттері арасында «Кітап оқитын колледж» облыстық байқауы оздырылды.