«WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы  мен Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 2-4 сәуір күндері аралығында жастар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттер арасында «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатты өткізілді.

Облыстық «Менің ұстанымым - әдіскер» мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік қызметі бойынша озат тәжірибе алмасу педагогикалық қонақжайы

on .

2018 жылдың 26-27 наурыз күндері Орал қаласының №25 «Снежинка» және №34 «Балбұлақ» бөбекжайлары базаларында облыстық «Менің ұстанымым - әдіскер» мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік қызметі бойынша озат тәжірибе алмасу бағытындағы педагогикалық қонақжайының І шақырылымы оздырылды.

Облыстық «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің І-ші шақырылымы

on .

2018 жылдың 19-20 наурыз күндері Орал қаласы №1 ЖББОМ  базасында озат тәжірибе алмасу бағытындағы облыстық  «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің І-ші шақырылымы оздырылды.

Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы

on .

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  мен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28-29 наурыз күндері математика пәні мұғалімдері арасында республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы өткізілді.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бірінші, екінші сынып мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинары

on .

2018 жылдың 26 наурыз күні Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебі  және Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі базаларында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында бірінші, екінші сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны- сапалы білім кепілі» тақырыбында бірыңғай оқыту семинарлары оздырылды.

«Балаларды дұрыс тамақтандыру жұмысындағы үздік ұйым» атты облыстық сырттай байқауы

on .

Жалпы  білім беретін мектептерде оқушылардың құнарлы және сапалы тамақтануын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында  2018 жылдың 19 наурыз күні «Балаларды дұрыс тамақтандыру жұмысындағы үздік ұйым» атты облыстық сырттай байқауы өткізілді. Байқауға 15 жалпы  білім беретін мектептер қатысты.