Облыстық «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің І-ші шақырылымы

on .

2018 жылдың 19-20 наурыз күндері Орал қаласы №1 ЖББОМ  базасында озат тәжірибе алмасу бағытындағы облыстық  «Даналық баспалдағы» Педагогикалық шеберлік мектебінің І-ші шақырылымы оздырылды.

«Балаларды дұрыс тамақтандыру жұмысындағы үздік ұйым» атты облыстық сырттай байқауы

on .

Жалпы  білім беретін мектептерде оқушылардың құнарлы және сапалы тамақтануын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында  2018 жылдың 19 наурыз күні «Балаларды дұрыс тамақтандыру жұмысындағы үздік ұйым» атты облыстық сырттай байқауы өткізілді. Байқауға 15 жалпы  білім беретін мектептер қатысты.

«Кәсіби педагог - 2018» облыстық байқауы

on .

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сай 2018 жылдың 19 наурызы күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп – интернаты базасында жоғары кәсіби рейтингісі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін анықтау мақсатында «Кәсіби педагог – 2018» облыстықбайқауының облыстық кезеңі өткізілді.

«Кәсіби шеберхана» мектебін өткізу туралы

on .

2018 жылдың 13 наурыз күні жаңартылған білім беру стратегиясы жағдайында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілерінің теориялық, практикалық білімдерін жаңарту және тереңдету мақсатында «Кәсіби шеберхана» мектебінің кезекті отырысы өтті.

«Кітапхана қызметіндегі инновациялар» облыстық семинар

on .

2018 жылдың 15 наурызы күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты базасындаоблыстық «Кітапхана қызметіндегі инновациялар» тақырыбында семинары өткізілді. Семинар жұмысына аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры бойынша әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты.

Әдістемелік кеңес отырысы туралы

on .

Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 наурыз күні кезекті облыстық әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Отырыс жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері қатысты.