Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасындағы ғылыми-практикалық конференциясы туралы

on .

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­масы  аясында  2018 жылдың  27 ақпан күні Орал «Сервис» технологиялық колледжі базасында «Ақжайығым-туған мекенім, қойнауың тұнған шежіре» атты облыстық студенттік ғылыми- практикалық конференциясы  оздырылды.

«Табысқа жету формуласы: оқытамыз, үйренеміз, ізденеміз» тақырыбындағы халықаралық қатысуымен I-ші жас педагогтер жәрмеңкесі

on .

2018 жылдың 27-28 ақпан күндері «Табысқа жету формуласы: оқытамыз, үйренеміз, ізденеміз» І-ші жас педагогтер жәрмеңкесі Орал қаласының Оқушылар және жастар сарайында  өткізілді.

«Батыс Қазақстанның үздік педагогикалық династиясы» облыстық байқауы

on .

2018 жылдың 23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жоспарына сай Орал қаласындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп базасында педагогикалық әулеттердің өкілдеріне көптеген жылдар бойы жемісті еңбек, білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіру, педагогикалық мамандықтың беделін нығайтуға ықпалдасу,

«Біздің мәртебеміз – бейбітшілік пен келісім» тақырыбындағы аймақтық панорама

on .

2018 жылдың 19-21 ақпан аралығында Бөрлі және Зеленов аудандарында білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Біздің мәртебеміз – бейбітшілік пен келісім» тақырыбында аймақтық панорама өткізілді.

«Жылдың әлеуметтік педагогі» облыстық байқауы

on .

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Орал қаласының А.Тайманов атындағы №34 МГ базасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігі жоғары әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және қоғамда әлеуметтік педагог мамандығының дәрежесін көтеру, білім беру жүйесінде әлеуметтік-психологиялық бағытты жетілдіру мақсатында «Жылдың әлеуметтік педагогі» облыстық байқауы өткізілді.

«Біріктірілген сыныптағы сабақ: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбы бойынша облыстық семинар-практикум

on .

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 21 ақпан күні Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький жалпы орта білім беретін мектепте «Біріктірілген сыныптағы сабақ: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімдерінің шағын жинақталған  мектептердегі біріктірілген сыныптар мұғалімдері қатысты.

«Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру» атты оқыту семинары

on .

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19-20 ақпанында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың  психологиялық денсаулығын сақтау,  қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбие үдерісіне психологиялық қолдау көрсету мақсатында жас педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру» атты облыстық оқыту семинары өткізілді.