Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған облыстық «Өсу қадамы» мектебінің жұмысы туралы

on .

Ағымдағы жылдың 29–31 қазан  күндері Батыс Қазақстан облысы Білім басқарамының мектепке дейінгі, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес  Орал «Сервис» технологиялар колледжі базасында «Өсу қадамы» жас әдіскерлер мектебінің кезекті оқыту семинары болып өтті.

«І Қайрат оқулары» облыстық байқауы

on .

2018 жылдың 24 қазан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес «Әдеби Ақжайық» жобасы аясында Орал қаласының Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ базасында жерлес ақын Қ.Жұмағалиевке арналған облыстық «І Қайрат оқулары» байқауы оздырылды.

«О́SУ́ VEKTORY» МЕКТЕБІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КҮЗГІ СЕССИЯСЫ

on .

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологияларды таныстыру мақсатында 2018 жылдың 15-17 қазан күндері Орал қаласы №47 «Бәйтерек» бөбекжайы базасында аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша мамандары, әдіскерлері мен мектепке дейінгі директорларына арналған «О́SУ́ VEKTORY» мектебінің күзгі сессиясы ұйымдастырылды, жалпы алғанда 110-ға жуық адам қатысты.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Кәсіби мамандықтар бойынша арнайы пәнді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану» облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары туралы

on .

Ағымдағы жылдың 26 қазанында Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Ақсай техникалық колледжінің базасында «Кәсіби мамандықтар  бойынша арнайы пәнді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану»  (ветеринария, мұнай газ мамандықтары бойынша) облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары оздырылды.