«Жыл мектеп кітапханашысы -2017» облыстық байқауы туралы ақпарат

on .

2017 жылдың 25 қазаны күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты базасындаақпараттық технологияны терең меңгерген, интеллектуалдығы жоғары үздік кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында облыстық  мектепкітапханашылары арасында «Жыл мектеп кітапханашысы-2017» байқауы оздырылды.  Байқауға мектеп кітапханашыларының арасынан үздік кәсіби маман деп танылған 14 кітапханашы қатысты.

«Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген бағдарламалар: проблемалар және келешегі» атты дөңгелек үстелді өткізу туралы.

on .

          2017 жылғы  21 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес  Білім басқармасымен бірлесіп Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген бағдарламалар: проблемалар және келешегі»   атты дөңгелек үстел  оздырылды. Шараның мақсаты- модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген бағдарламаларды енгізудегі кездескен проблемалар бойынша және аталған бағдарламалардың маңыздылығымен  келешегі жөнінде  пікір алмасу. 

«Кәсіби шеберхана» мектебінің кезекті отырысы туралы

on .

 «Кәсіби шеберхана»  мектебінің кезекті отырысы туралы

2017 жылдың 8-9 қыркүйек күндері жаңартылған білім беру стратегиясы жағдайында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілерінің теориялық, практикалық білімдерін жаңарту және тереңдету мақсатында «Кәсіби шеберхана» мектебінің кезекті отырысы өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Мәңгілік Ел тірегі - Жастар» жас мамандардың облыстық слеті туралы

on .

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2017 жылдың   24-25 тамыз күндері Зеленов ауданы, Рубежка колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  арасында  «Мәңгілік Ел тірегі - Жастар»  жас мамандардың облыстық  слеті өткізілді.

Облыстық әдістемелік кеңес отырысының өтуі туралы

on .

Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні кезекті облыстық әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» облыстық педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы аясындағы «Өзгермекші әлем үшін кәсіби дағдыларды өзгерту» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кеңесі туралы

on .

2017 жылдың 18 тамыз күні  А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық тамыз кеңесінің пленарлық және секциялық отырысы «Өзгермекші әлем үшін кәсіби дағдыларды өзгерту» тақырыбы бойыншаоздырылды.