Батыс Қазақстан облысы бойынша кураторлық қызметтің жүргізілуі туралы

on .

Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп  қалыптастыру. Бұл мектеппен отбасының және  ең алдымен оқушымен бірлескен әрекетінің нәтижесінде ғана мүмкін.        Осы күрделі іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында жалпы орта білім беретін мектептерде  кураторлар қызмет енгізіліп отыр.

КУРАТОРЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

on .

Мектепте сыныпқа жетекшілікті кураторлар жүзеге асырады. Әрбір куратор міндетті түрде түрлі тілде оқитын және орта және жоғары звенодағы екі сыныпқа жетекшілік етеді.

Кураторлар сабақтарға қатысып, балалардың оқу үлгеріміне, олардың жүріс-тұрысына бақылау жасайды, ата-аналарды жаңалықтардан хабардар етіп тұрады. Басқа мектептердегі сынып жетекшісінен айырмашылығы кураторлар сабақ бермейді, оларға сабақ жоспарлары мен дәптер тексерулер жүктелмеген, сондықтан өздерін тәрбие жұмысына толықтай арнай алады.

Облыс бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің әлеуметтік жобаларының жүргізілуі туралы

on .

     Облыс бойынша жүргізіліп келе жатырған тәрбие жұмысын жетілдіру, ізгілендіру мақсатындағы басты ерекшеліктеріміздің бірі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен тығыз байланыста  жұмыстану, бірлескен түрдегі семинарлар және әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар.