Облыс бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің әлеуметтік жобаларының жүргізілуі туралы

on .

     Облыс бойынша жүргізіліп келе жатырған тәрбие жұмысын жетілдіру, ізгілендіру мақсатындағы басты ерекшеліктеріміздің бірі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен тығыз байланыста  жұмыстану, бірлескен түрдегі семинарлар және әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар.  Облыс бойынша жалпы орта білім беретін мектептерде штаттық бірліктер бөлініп кураторлықты енгізу қолға алынды. Соның ішінде қаланың № 6,12,26,30,44 мектептерінде және облыстық дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернат кешеніне енгізіліп, жұмыстануда. Кураторлар әр баланың жеке дамуы мен қайталанбауын сақтау, талантын ашу және адамгершілік, ақыл-ой, физикалық жетілу, жоғары мәдениетті қалыптастыруына жағдай туғызу; Көшбасшыны, Қазақстан патриотын, құқықтық демократиялық мемлекет азаматын, құқық және жеке тұлға бостандығын сыйлайтын, жоғары адамгершілік қасиеті бар оқушыны  тәрбиелеуді мақсат тұтады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің  «Біз-бір отбасымыз»  ата-аналар жобасы, «Шаңырақ» қауымдастығының  «100 кітап», «Ауылдағы екі апта», «Туған елге тағзым», «100 ән», «Ата-аналар жұмыс орнындағы 10 күн», «Қазақ әндері», «Көшбасшылар сабағы»  әлеуметтік жобалары мен «Баланы жұмысқа ал»  бір күндік іс-тәжірибе, «Қазақстан үшін 3 қайырымды іс» акциялары жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқу-тәрбие процесімен толық қамту мақсатында жергілікті жерлердің мүмкіндіктеріне орай жалғасын табуда.

«Туған елге тағзым» әлеуметтік жобасы барысында Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім мен болашаққа деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында оқушылар экспедицияға шығып, сол жердің тарихын, мәдениетін, географиялық ерекшеліктеріне шағын зерттеулер жүргізеді. «100 кітап» әлеуметтік жобасы аясында мектептер оқылатын кітаптар тізімі жасалынады. Оның ішінде 60 қазақ жазушыларының шығармалары, 40 әлемдік жазушылар шығармалары ұсынылды. Бұл жобаны жалпы білім беру мектептеріне енгізу мақсатымыз оқушыларды рухани тұлға ретінде байыту. «Ауылдағы екі апта» жобасы ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды бойларына сіңіру мақсатында болса,  «Ата-аналар жұмыс орнындағы 10 күн», «Баланы жұмысқа ал»  әлеуметтік жобалары еңбек адамдарын құрметтеуге, еңбекке баулуға, кәсіби бағдар беруге бағытталып отыр. «100 ән», «Қазақ әндері» әлеуметтік жобалары арқылы оқушылар ән тарихын зерттейді, ұлттық музыка өнері арқылы рухани-адамгершілік тұрғысынан қадір-қасиетке ие тұлға тәрбиеленеді. «Қазақстан үшін 3 қайырымды іс» акциялары барысында оқушылар қариялар үйі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көмек беріп, қол ұштарын созады. Бұл әлеуметтік жобалар арқылы елін сүйер, елі сүйген азаматтар тәрбиелеуге жұмыстануда.