КУРАТОРЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

on .

 

Мектепте сыныпқа жетекшілікті кураторлар жүзеге асырады. Әрбір куратор міндетті түрде түрлі тілде оқитын және орта және жоғары звенодағы екі сыныпқа жетекшілік етеді.

Кураторлар сабақтарға қатысып, балалардың оқу үлгеріміне, олардың жүріс-тұрысына бақылау жасайды, ата-аналарды жаңалықтардан хабардар етіп тұрады. Басқа мектептердегі сынып жетекшісінен айырмашылығы кураторлар сабақ бермейді, оларға сабақ жоспарлары мен дәптер тексерулер жүктелмеген, сондықтан өздерін тәрбие жұмысына толықтай арнай алады.

Куратор сынып директоры десе болады. Ол әкімшіліктің нұсқаулығын немесе пән мұғалімдерінің, ата-аналардың, оқушылардың өтініштерін күтпейді, өздері сыныпта болып жатырған оқиғаларға араласып, шешім қабылдайды.

Куратор оқушылар мен ата-аналар үшін маңызды тұлға болуға тиісті. Ол сыныптағы әр оқушы үшін қызық та маңызды жан болуға қол жеткізуі тиіс.

Куратор баланың жеке дамуын бақылауға, қалыпты  жағдайда жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай туғызады, қоршаған ортамен байланыста болуына, әсіресе табиғат, ғылым, өнер және бастысы адамдармен байланыста болуына көмектеседі. 

Куратордың сыныппен жұмысының мақсаты:

-         Әр баланың жеке дамуы мен қайталанбауын сақтау, талантын ашу және адамгершілік, ақыл-ой, физикалық жетілу, жоғары мәдениетті қалыптастыруына жағдай туғызу;

-         Көшбасшыны, Қазақстан патриотын, құқықтық демократиялық мемлекет азаматын, құқық және жеке тұлға бостандығын сыйлайтын, жоғары адамгершілік қасиеті бар оқушыны  тәрбиелеу.

Мақсаттарын жүзеге асыруда куратордың міндеттері:

-         Оқушылардың жеке дамуын тікелей бақылауды жүзеге асыру;

-         Әр тұлғаның дамуына оңтайлы жағдай туғызуға көмектесу;

-         Тәрбие үрдісіне қатысушылардың өзара қарым қатынасын ұйымдастыру ( мұғалімдер, отбасы, әлеуметтік топтар);

-         Тәрбие үрдісіндегі түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Тәрбиеленушілердің толық және еркін даму мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жағдай туғызу;

-         Тәрбиеленушілердің ұжымдық және жеке шығармашылық жұмысын ұйымдастыру;

-         Тәрбие жұмысының саласы ретінде сынып ұжымын қалыптастыру;

-         Жоғарыда көрсетілген барлық жұмыстар Ақпараттандыру және Мониторинг орталығынан келіп түскен ақпараттар негізінде жүзеге асырылады, түзетіледі.

1. Куратор өз сыныбында міндетті:

1.1. Тәрбиелік үрдісті бағыттауға;

1.2. Оқушылардың тәртібі, үлгерімі, сабаққа қатынасын бақылауға;

1.3. Әр оқушының үлгерімі туралы мәлімет жинауға;

1.4. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыруға;

1.5. Ережеге сай құжаттарды және мектеп әкімшілігі талап еткен құжаттарды  жүргізуге;            

1.6. Тәрбие қызметіне мектеп педагогтарын, оқушы ата-аналарын, әртүрлі ғылым саласындағы мамандарды  тартуға.

Куратор - тәрбиеші:

1. Сынып оқушыларын жүйелі сынып және мектеп ұжымына тартады, сонымен қатар басқа топтармен ұжымдар арасында қарым-қатынасты орнатады;

2. Баланы мектепте және мектептен тыс уақытта зерттейді (мінез ерекшеліктері, эмоциялық және ерік қасиеттері, таным мүмкіндіктері мен қабілеті, сабаққа еңбекке қатынасы, өзіне және ұжымға, қоршаған ортаға қатынасы, қызығушылығы т.б.);

3. Баланың әлеуметтік портретін зерттейді (құрамы, білімі, мамандығы);

4. Психологиялық - педагогикалық түзетулерді жүзеге асыра отырып, тәрбиеленушілердің дамуы мен тәртібіндегі ауытқуларды тіркейді, қиын жағдайларды әкімшілікке хабардар етеді;

5. Тәрбиеленушілерге өмірдің өткір мәселелерін шешуге көмек көрсетеді;

6. Оқушыларға құқықтық және әлеуметтік құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Жұмыс уақыты, яғни куратордың балалармен өткізетін уақыты куратор ставкасымен анықталады:

1) 5-7 сыныптарда аптасына  18 сағаттан кем емес.

2. Куратор өткізуі тиіс:

2.1. Кураторлық сағаттар (сынып сағаттары) – аптасына бір рет және бір уақытта, сабақ кестесі бойынша, өткізу формасын тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес куратор өзі таңдайды

2.2. Тәрбиелік  шаралар – төртеуден кем емес (5-7 сыныптарда), оның біреуі жалпы мектептік болуы мүмкін, олар тәрбиешілердің топтық әдісімен (3-4 адам) құралған және 80-100 оқушы бір мезгілде қатысады.

2.3. Ата-аналар жиналысы – айына 1 реттен кем емес (интернет-конференция, форум, семинар және т.б. түрінде).

2.4. Қажет болған жағдайда оқушылар және ата-аналармен жеке кеңестер өткізу, мәлімет куратордың жұмыс журналына жазылады.

2.5. Каникул және жаз мезгілінде куратордың жұмыс уақыты директор бұйрығымен анықталады.

Куратордың күнделікті істерінің тізімі:

  • Ø Кешіккен оқушылармен және сабаққа келмеген оқушылардың себептерін анықтау;
  • Ø Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
  • Ø Кабинетте кезекшілікті ұйымдастыру;
  • Ø Жұмыс күні соңында оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;
  • Ø Оқу үрдісін ұйымдастыруда директор орынбасарымен байланыста болу (сабақтарды ауыстыру және т.б.) ;
  • Ø Сынып оқушылары басқару органдарына педагогикалық көмек көрсету;
  • Ø Сырт келбет киімі (мектеп формасы) мен ауыстыратын аяқ киімінің болуын бақылау;
  • Ø Сыныпта жұмыс күнінің қорытындысы бойынша рефлексия өткізу;
  • Ø Оқушыларды мектеп киім алатын орынға апару және мектептен шығарып салу;
  • Ø Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу;
  • Ø Тамақтануды, жол билеттерін алуды  т.б. ұйымдастыру;
  • Ø Ата-аналар комитетінің жұмысына қатынасу;
  • Ø Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, медициналық қызметкерлерден кеңестер алу; 
  • Ø Кураторлар кафедрасының жұмысына қатынасу;
  • Ø Мектеп істеріне сынып ұжымын қатыстыруды ұйымдастыру;
  • Ø Сынып ұжымының мектеп өміріндегі жұмыстарын қорытындылауда оқушылардың өзін-өзі басқару органына көмек көрсету;
  • Ø Жолда жүру ережесі, кауіпсіздік техникасының нұсқауын өткізу;
  • Ø Өз сыныбында оқушылардың секция, студия, және т.б. педагогикалық бақылауды қажет ететін жерлерге қатысуын қадағалау.