Батыс Қазақстан облысы бойынша кураторлық қызметтің жүргізілуі туралы

on .

 

Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп  қалыптастыру. Бұл мектеппен отбасының және  ең алдымен оқушымен бірлескен әрекетінің нәтижесінде ғана мүмкін.        Осы күрделі іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында жалпы орта білім беретін мектептерде  кураторлар қызмет енгізіліп отыр. Облыс бойынша Теректі, Сырым, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласында, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ-мектеп-интернат кешенінде кураторлық қызмет жүргізілуде. Жалпы кураторлар саны 84 адам: оның ішінде ақылы– 73, ақысыз – 11 (Теректі ауданында).

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін оқу-тәрбие  процесіне енгізу бойынша жұмыс тобын құру туралы ҚР БҒМ 2012 жылғы 2 наурыздағы №82 бұйрығымен базалық оқу орындары анықталды. 2014-2015 оқу жылынан бастап, БҚО бойынша 2 мектеп іс-тәжірибе тарататын  эксперименталдық алаң ретінде С.Сейфуллин   атындағы №11 ДБАМҚМИК және Орал қаласындағы Макаренко атындағы  №6  ЖОББМ  алынып, өз жұмысын бастады. Ал 2015-2016 оқу жылында Теректі ауданы Шаған ЖОББМ мен Орал қаласының №12, 26, 30, 44 ЖОББМ-інде, 2016-2017 оқу жылында Сырым ауданының Қ.Мырзалиев ат.ЖОББМ, Ж.Досмұхамедов ат. ЖОББМ және Шыңғырлау ауданының  Ащысай ОЖББмектеп-балабақшасы, Жаңатұрмыс негізгі мектептерінде кураторлық қызмет енгізілді.