«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңғырту: бүгіні мен келешегі» атты аймақтық семинар-практикумы туралы

on .

2019 жылғы 28-29 мамырда  Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған Білім басқармасы және «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырумен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңғырту: бүгіні мен  келешегі» атты  аймақтық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикум жұмысына Атырау, Ақтөбе және Манғыстау облыстары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен педагогикалық қызметкерлері қатысты. Барлығы 200- ден астам адам.

Пленарлық отырыста  аймақтағы ТжКБ жүйесінің даму нәтижелері мен келешегі туралы БҚО білім басқармасы басшысының м.а. Габдушев Н.Б. сөз алды. Сонымен қатар, спикерлер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңғыру, Атырау қаласындағы APEC Petrotechnic жоғары колледжінің жұмыс тәжірибесі, Батыс Қазақстан облысындағы  WorldSkills-тің даму келешегі, ECVET сынақ жүйесі, ерекше білім қажеттіліктері бар тұлғалар үшін колледждердің қол жетімділігі туралы сөз қозғады. Секциялық отырыстарда Worldskills чемпионаты кезінде нәтижелерді бағалау үшін CIS бағдарламасын қолдану бойынша практикалық жұмыстар, ағылшын тілін өз бетімен оқу үшін интернет-ресурстарды пайдалану бойынша практикум,  IT-технологияларды пайдаланудың потенциалды мүмкіндіктері, ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білімді жүзеге асыру жағдайын қамтамасыз ету туралы  өзекті мәселелер талқыланды.

Семинардың екінші күні Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары BIM технологиясын енгізу траекториясымен танысып 3D CAVE- ті  демонстрациялады. Сонымен қатар, оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері туралы еркін форматта «BRAINSTORM», «Модульдік технология бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларын енгізу жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында коучинг өткізілді.

Семинар-практикумның қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.

IMG-20190529-WA0019
IMG-20190530-WA0007
IMG-20190529-WA0016
IMG-20190530-WA0009
IMG-20190530-WA0010
IMG-20190530-WA0013