«Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2019» облыстық байқауы

on .

2019 жылдың 15 мамыры күні Білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында Орал қаласының №37 жалпы орта білім беретін мектебінің облыстық  «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2019» байқауы оздырылды.

Байқауға 11 оқырман отбасы қатысты.

Байқау «Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы», «Түймедақ», «Білім көзі кітапта» 3 бөлімі бойынша сынға түсті.

Бас жүлде Ақжайық ауданы Тулегеновтар отбасы, І орынды Орал қаласы Исболовтар отбасы, ІІ орынды Бөкей ордасы ауданы Омаровтар отбасы, ІІІ орынды Бөрлі ауданы Мухамбеткереевтер отбасы мен Шыңғырлау ауданы Шалабаевтар отбасылары иеленсе, Жәнібек ауданынан Гайсиндер отбасы «Үздік креативті отбасы», ал Қаратөбе ауданынан Идрисовтар отбасы «Білімпаз отбасы» аталымдар анықталды. Байқау жеңімпаздары дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

IMG0316
IMG0299
IMG0331
IMG0337
IMG0351
IMG0359
IMG0364
IMG1091
IMG1088
IMG1095
IMG1103
IMG1097