Облыстық «Әлем балалар көзімен» балалардың асфальтқа сурет салу сырттай байқауы

on .

2019 жылдың 11 маусым күні «Әлем балалар көзімен» атты балалардың асфальтқа сурет салу сырттай облыстық байқауы аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында өткізілді.

Байқаудың мақсаты - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, сурет салу арқылы өз сезімдерін білдіруге қызығушылықтарын арттыру. Байқауға 13 жұмыс ұсынылды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Тимофеева Елена, Бәйтерек ауданы «Бүлдіршін» бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшісі Анаисова А.И.;

ІІ орын – Қаныбек Нұрым, Казталов ауданы «Нұрбалапан» бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшісі Ахатова Г.Н.;

ІІІ орын – Шайхуллаев Алдияр, Орал қаласы №1 «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшісі Ибраева М.Т.;

ІІІ орын – Жангелдиева Инабат, Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшілері Шайжанова А.К., Жунусова А.О.;

«Үздік сурет безендіруші» аталымы– Шамигулла Наргиза, Ақжайық ауданы «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшісі Сисекенова Р.Н.;

«Жас суретші» аталымы– Марат Саида, Ақжайық ауданы «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшісі Байтимова А.А.;

«Ең жарқын сурет» аталымы – Амангелді Бейбарыс, Теректі ауданы «Жұлдыз» бөбекжайының  тәрбиеленушісі, жетекшісі Айтқалиева Н.А.

Барлық қатысушылар білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің диплом, грамота және қатысушы сертификаттарымен марапатталды.

-
-
--1
-
-