Аталған міндетті жүзеге асыру үшін «Кәсіпқор» холдингі» біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін шетелдік колледждердің үздік практикасын есепке ала отырып  жаңа білім беру бағдарламаларын әзірледі.

              Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың  модульдік-  құзыреттілік тәсілдеме негізінде  эксперименттік  жаңа  білім    бағдарламаларын  енгізу мақсатында  Білім басқармасының 2016 жылдың 29 тамызындағы № 679 бұйрығына сәйкес эксперименттік алаң және жұмыс  тобы  құрылды.

           2016-2017 оқу жылынан бастап оқу процесіне эксперимент режимінде әлеуметтік серіктестермен келісіліп әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары 7 колледжде 5 мамандық бойынша енгізілді.

 

Білім бағдарламалары

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

1

1013000 «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика»

«Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК

2

1401000- «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»

«Орал политехникалық колледжі» МКҚК

«Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК

 «Экономика және  ақпараттық технологиялар колледжі» МЕББМ

3

 1304000 «Есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыз ету»

«Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК

4

0511000Туризм (салалары бойынша)

«Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК

5

0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану  (бейін  бойынша)»

«Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК

«Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ