Дуальды оқыту – болашақ кадрларды сапалы даярлаудың негізі

on .

          Студенттің  білім алуы қаралған уақыттың  60% тікелей өндірісте, 40% теориялық оқыту колледжде жүргізіледі. 2014 жылғы Кәсіпкерлер палатасы мен Білім басқармасы арасында қол қойылған Келісімшарт аясында кадрларды даярлауда және қайта даярлауда, әлеуметтік серіктестіктің негіздерін дамыту, түлектеді жұмысқа орналастыру бағытында бірлескен жұмыстар атқарылуда. ҚР Ғылым және білім министрлігі мен ҚР ҰКП «Атамекен» бірлескен  «Дуальды оқытуды енгізу» Жол картасына сәйкес еңбек нарығындағы мамандарға ұсыныс пен сұранысты теңгеру мақсатында дуальды оқыту тәсілі бойынша 22 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнында қолданылады. Өңірдің Жол картасы құрылыс, мұнай-газ, қызмет көрсету, энергетика, байланыс-коммуникация, ауыл шаруашылық   салаларының 19 мамандығын, 27 біліктілігін қамтиды. 1346 маманның даярлығымен айналысатын 67 мекеме, шаруашылық субъектілері Картаның қатысушылары болып танылды. Кәсіпорын базаларында дуальды оқытудың өндірістік машығын ұйымдастыру туралы 76 келісімдер жасалды.

 Келісімдер аясында жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бірлескен іс-шаралар атқарылуда.