Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әдіскерлерге арналған облыстық оқыту семинарын өткізу туралы

on .

         2017 жылдың  26 қазан күні Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнын  жаңғырту үдерісіне заманауи тәсілдемелер: модульдік, кредиттік оқыту технологиялары және қолданбалы бакалавриаттың қағидалары»  облыстық оқыту семинары оздырылды.Семинардың мақсаты: техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңартудағы тәсілдер туралы ақпарат алу, әдіскерлердің теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін  дамыту.
Семинар жұмысына "Кәсіпқор"холдингі" КЕАҚ Кәсіптік білім орталығының  бас менеджері Н.Д.Жанайдаров, БҚО бойынша "Кәсіпқор"холдингі" КЕАҚ штаттан тыс тренерлері, әдіскерлер қатысты.
Семинардың теориялық бөлімінде техникалық және кәсіптік   білім берудің мазмұнын  жаңғыртудағы модульдік, кредиттік оқыту, қолданбалы бакалавриат, CLIL әдістемесі тәсілдері қарастырылды.
     Практикалық бөлімінде семинарға қатысушылар модульдік оқыту технологиясы бойынша  оқу-әдістемелік кешен, перспективалық-тақырыптық   жоспар, сабақ жоспары жасақтауда  практикалық дағдылар алды.
    Семинардың қорытындысы бойынша  ұсынбалар қабылданды.

IMG-20171026-WA0045
IMG-20171026-WA0016