«Менің ұстанымым - әдіскер»

on .

Қосымша №1

 

 

Облыстық  «Менің ұстанымым - әдіскер» мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік қызметі бойынша озат тәжірибе алмасу

педагогикалық қонақжайының қызметін ұйымдастыру ережесі

 

 

І. Жалпы ережесі

1.1.          «Менің ұстанымым - әдіскер» педагогикалық қонақжайының (бұдан әрі қарай Педагогикалық қонақжай) – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдістемелік жұмыс жүйесінің бір бөлігі – қызметін жаңадан бастаған жас әдіскерлерді біріктіретін және мектепке дейінгі ұйым әкімшілігінің біліктілігін жоғарлату жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. 

 

1.2.          Педагогикалық қонақжайдың мақсаты:

1.2.1.  Жоспарланған, мақсатты бағыттталған жұмыс пен кәсіби дағдыларын жетілдіру арқылы жас әдіскерлердің педагогикалық шығармашылықтары мен шеберліктерін, кәсіби құзыреттілігін көтеру;

1.2.2. Облыс әдіскерлерінің озат педагогикалық іс-тәжірибесін насихаттай отыра, Педагогикалық қонақжай қызметі арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу.

1.2.3. Педагогикалық қонақжай жұмысына аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйымдарынан тәжірибелі әдіскерлерді тарту.

 

1.3.     Педагогикалық қонақжайдың негізгі міндеттері:

1.3.1. Педагогикалық озат тәжірибе алмасу алаңын құру.

1.3.2. Әдіскерлердің ғылыми-әдістемелік және біліктілік деңгейлерін жетілдіру;

1.3.3. Инновациялық технологияларды енгізу арқылы әдіскерлердің жеке тұлғасының рухани  әлеуетін дамыту;

1.3.4. Әдістемелік жұмысты тереңдетіп зерттеу тәжірибесі арқылы әдіскерлердің кәсіби қабілеттерін жетілдіру.

 

ІІ. Педагогикалық қонақжай қызметінен күтілетін нәтижелер:

2.1. Әдіскерлердің өзін-өзі жетілдіруі, іске асыруы және танытуы;

2.2. Жаңа білім беру тәжірибелерін игеру;

2.3. Шығармашылық әрекет тәжірибесін дамыту және педагогикалық жобалау, болжау әдістерін игеру;

2.4. Әдістемелік жұмыс бойынша білім сапасын көтеру.

 

ІІІ. Педагогикалық қонақжай қызметінің мазмұны, бағыттары және ұйымдастыруы

3.1.          Педагогикалық қонақжай қызметі БҚО Білім басқармасының және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қолдауымен ұйымдастырылады.

3.2.          Облыстық білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық қонақжай қызметін үйлестіруші-ұйымдастырушы болады және мынадай мәселелерді шешеді:

- озат тәжірибе алмасу Педагогикалық қонақжайын ашуды ұсынады;

-  ашылу қызметі туралы құжатты рәсімдейді;

-  қатысушылармен қамтамасыз етуге ықпал етеді;

-  Педагогикалық қонақжай қатысушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

-  Педагогикалық қонақжай жұмысының тиімділігіне сараптама жасап, зерделейді;

-  Аудандық (қалалық) филиалдарының ынтымақтастықта жұмыс жасауын қамтамасыз етеді және қызметін үйлестіреді.

3.3.          Педагогикалық қонақжай жұмысы аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйымдар базасында ұйымдастырылады.

3.4.          Педагогикалық қонақжай жұмысына жоғары және бірінші санатты тәжірибелі әдіскерлер, жоғары санатты тәрбиешілер қатысады алады.

3.5.          Педагогикалық қонақжай мынадай құрамда жұмыс жасайтын болады: куратор, шығармашылық топ және қатысушы-педагогтер.

3.6.          Педагогикалық қонақжай шығармашылық тобы білім сапасын арттыруға әсерін тигізетін педагогикалық және әдістемелік мәселелерді шешуге қызығушылық білдірген педагогтер құрамынан болады.

3.7.          Педагогикалық қонақжай семинар-практикум, дәріс, тренинг, шеберлік сыныптар, дөңгелек үстел, коучингтер түрінде тәжірибе алмасу алаңында  жұмыстар жүргізеді.

3.8.          Педагогикалық қонақжай әр жартыжылдық сайын (наурыз, қараша) бір рет, жылына 2 рет жұмыстанады. Оқыту 2 күнде жүзеге асырылады. Тыңдаушылардың оқу жүктемесі - бір күнде 8 сағат, 2 күнге 18 сағат, барлығы бір жылда 32 сағат.

3.9.          Педагогикалық қонақжайға қабылдау аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің алдын ала жіберген сұранысы негізінде жүзеге асырылады.

3.10.     Педагогикалық қонақжай қатысушылары оқыту курсының 2 кезеңіне де қатысуы тиіс.

3.11.     Озат тәжірибе алмасу Педагогикалық қонақжайының оқыту курсынан өткен әдіскерлер аудан (қала) көлемінде модератор ретінде жұмысын жалғастырады. Филиал жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімі қолдау көрсетеді және жұмыс барысын бақылайды, нәтижесін талдайды.

3.12.     Бірінші шақырылым бойынша қатысушыларға үйге тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаларды екінші шақырылымға міндетті түрде дайындап келулері қажет.

3.13.     Педагогикалық қонақжай құжаттарының мазмұны:

- Білім басқармасының Педагогикалық қонақжай ашу туралы бұйрығы;

- Педагогикалық қонақжай қызметін ұйымдастыру ережесі;

- Жылдық жұмыс жоспары;

- Отырыс хататамалары;

- Дәріскерлер мен модераторлардың материалдары (жоспарлары);

- Педагогикалық қонақжайдың жасалған жұмысы туралы есебі және талдамасы;

- Шығармашылық топ құрамы;

- Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің сұраныстары;

- Курсты тыңдаушылар тізімі.

 

ІV. Педагогикалық қонақжай жетекшілері, шығармашылық тобы мен қатысушыларының міндеттері

Педагогикалық қонақжай куратор, шығармашылық топ, қатысушы педагогтер құрамында жұмыс жасайтын болады:

- Педагогикалық қонақжай жетекшісі облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскері тағайындалады.

- Шығармашылық топтың құрамына кәсіби тәжірибелі педагогтер мен шығармашылық топтың мүшелері кіреді.

- Қатысушылар аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйымдарының жас әдіскерлері (еңбек өтілдері 3 жылға дейін) бола алады.

 

4.1. Жетекші - Куратордың лауазымдық міндеттері:

- Шығармашылықпен жұмыстанатын, өзіндік жетістіктері бар, тәжірибелері облыс, республика көлемінде таратылған, жаңашыл, халықаралық, республикалық, облыстық шығармашылық сайыс, байқаулардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер тобын жасақтау.

-  Педагогикалық қонақжайдың жылдық жоспарын құру.

- Аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерінің ішінен тыңдаушылар құрамын анықтап, оқыту курсына тарту;

- Педагогикалық қонақжайдың жұмыс кестесі мен іс-шаралар жоспарын жасақтау;

- Дәріс оқитын шығармашылық топтың құрамын сайлау;

- Қатысушылардың уақытында келуін қамтамасыз ету.

- Педагогикалық қонақжай жұмысының жоспарға сәйкес жүргізілуіне жауапты болу;

- Педагогикалық қонақжай жұмысына талдау жүргізу.  

 

4.2. Шығармашылық топтың лауазымдық міндеттері:

- Педагогикалық қонақжай жұмысына уақытылы және белсенді қатысу;

- Дәріс материалдарын, практикалық тапсырмаларды, тесттерді және т.б. материалдарды дайындау;

- Оқу нәтижесі бойынша материалдарын дайындау (тест, бақылау жұмысы, шығармашылық жобаларды қорғау т.б.).

 

4.3. Қатысушы педагогтердің лауазымдық міндеттері:

- Педагогикалық қонақжай жұмысына уақытылы және белсенді қатысу;

- Дәріскерлердің берген тапсырмаларын жауапкершілікпен орындау.

- Педагогикалық қонақжай тәжірибесін модератор ретінде өз аудандық (қалалық) филиал жұмысы арқылы жалғастыру.

- Өз аудандарында (қалада) жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы мәтіндік және сандық есеп беру;

 

V. «Менің ұстанымым- әдіскер» Педагогикалық қонақжайдың базалық мазмұны

 

5.1. Әдістемелік жұмыс

- мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің негізгі лауазымдық міндеттерін талдау және сараптау;

- Функционалдық сауаттылықты арттыру;

- Педагогикалық қызметкерлермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстың түрлері;

- Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жүйесін бақылау және әдістемелік басшылық жасау;

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Типтік оқу бағдарламасының зерделеу методикасы;

- Педагогтердің озат педагогикалық тәжірибе жұмысын енгізу, жалпылау, зерделеу;

- Кадрлармен жұмыс;

- Әдістемелік жұмыстың теориясы, қызметін жаңадан бастаған әдіскерге жадынама жасақтау, практикалық тапсырмаларды орындау;

- сауалнама жүргізу бойынша материалдарды талдау, әдіскерлердің жұмысына өзіндік талдау;

- Әдістемелік жұмыстағы қиындық тудыратын мәселелерді  шешу жолдары;

- Шешендік өнер;

- шығармашылық жұмыс (эссе).

 

VІ.  Педагогикалық қонақжай жұмысының нәтижесі

6.1. Педагогикалық қонақжай қатысушылары облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің курсты аяқтағаны жөніндегі сертификаты беріледі.